
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медаль иеленді.
Биылғы дода 16-27 қыркүйек аралығында Самарқандта (Өзбекстан) өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа 400-ге жуық команда қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелді.
46-шы Шахмат олимпиадасының шешуші, 11-турында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесті. Елназ Қалихмет жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Меруерт Қамалиденова қарсыластарымен тең түсті. Ал Алуа Нұрман турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан 18 ұпай жинап, 189 әйелдер құрамасы арасында екінші орын алды. Қытай құрамасы чемпион атанса, Үндістан үшінші орынға ие болды.
Бұл нәтиженің тағы бір ерекшелігі - Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасын алғаш рет бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтады. Ұлттық құрама жеті кездесуде жеңіске жетіп, төрт матчта тең түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада да күміс медаль жеңіп алған еді. Енді араға екі жыл салып, отандастарымыз сол нәтижені Самарқандта қайталады.
🇰🇿Қазақстан құрамасында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалихмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Құрама капитаны - Павел Коцур.