СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ 24 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН АЛДЫ

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ 24 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН АЛДЫ

ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті.

Семсерлесудің сапы бағдарламасында Қазақстан ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Кореямен бас жүлдені сарапқа салды. Кездесу нәтижесінде біздің спортшылар басым түсті.
Биыл әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан семсерлесу шеберлері үшін бұл Азиада тарихындағы 3-алтын.

Осыған дейінгі Қазақстанның көрсеткіштері:
Хиросима 1994 жыл - алтын
Бангкок 1998 жыл - күміс
Пусан 2002 жыл - алтын
Доха 2006 жыл - қола
Гуанчжоу 2010 жыл - күміс
Инчхон 2014 жыл - қола
Джакарта 2018 жыл - қола
Гуанчжоу 2022 жыл - күміс

Қазақстан командасының бүгінгі нәтижесі:
Жартылай финал: Қазақстан - Гонконг 45-34.
Ширек финал: Қазақстан - Сингапур 45-36
1/8 айналым: Қазақстан - Қатар 45-27

Бүгін Ұлттық құрама сапында Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен жекелей сынның күміс жүлдегері Ерлік Сертай, Кирилл Проходов сынға түсті.

Айта кетейік, осыған дейін қазақ семсерлесу шеберлері осы Азиадада 1 күміс және 3 қола медаль алып үлгерді.