СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ХХ АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ХХ АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапониядағы жазғы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайыстың кезекті іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

Қылыш бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы жартылай финалда жарыс қожайыны Жапониямен күш сынасып, 34:45 есебімен жол берді.

Біздің құрама сапында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артём Саркисян, Назарбай Саттархан Қуаныш Ерғашбай ел намысын қорғады.

Командамыздың жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇸🇦Сауд Арабиясы - 45:32
✅1/4 финал. 🇨🇳Қытай - 45:40

Айта кетейік, бұған дейін семсерлесушілеріміз осы Азия ойындарында 1 күміс және 2 қола жүлде алған болатын.

Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ