
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.
Каноэде 500 метрге жарыста (микст) Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы қола медаль жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші 1:51.124 секунд.
Бұл сында Қытай өкілдері жеңімпаз атанды. Одан кейінгі сатыға Өзбекстан спортшылары тұрақтады.
Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ