НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН АРУЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН АРУЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасында 50 метрден винтовкамен  3 позицияда нысана көздеуден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлдесі сарапқа салынып жатыр.

Әйелдер арасындағы сайыстың қорытындысы бойынша, Арина Малиновская, Елизавета Безрукова, Софья Шулженкодан құралған командамыз 1754-89х көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

🥇🇨🇳Қытай - 1773-105х
🥈🇮🇳Үндістан - 1763-90х
🥉🇰🇿Қазақстан - 1754-89х

Айта кетейік, кеше дәл осы бағдарлама бойынша Ислам Сәтпаев қола жүлдеге ие болған.

Фото: Сали САБИРОВ