СТЕЛЛА СУХАНОВА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

СТЕЛЛА СУХАНОВА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр.

Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы, Азия чемпионы Стелла Суханова мәреге 3-ші келіп, қола жүлде жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 1:59.688 секунд.

Жарыс барысында Қытай спортшысы алтын медаль иеленсе, күміс Өзбекстан ескек есу шеберінің еншісінде.

Фото: Шамкен БАЙЫРБЕК