АЗИАДА-2026: ӘЛИЖАН АБЛАҒАТОВ УШУДАН АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬДІ ЖЕҢІП АЛДЫ

АЗИАДА-2026: ӘЛИЖАН АБЛАҒАТОВ УШУДАН АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬДІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.