Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияның Аичи префектурасындағы Тоёхаси спорт кешенінде каратэден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.

Кумите бағдарламасы -55 кг дейінгі салмақта Бэлла Самашева қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысынан басым түсті.

Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.