
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «Болашақ ойындары 2026» (the games of the Future 2026) Powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында ұйымдастырушылар жарыстардың ауқымы, қатысушылар құрамы, турнир бағдарламасы және елорданың спортшылар мен көрермендерді қабылдауға дайындығы туралы айтып берді.
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық турнир өтеді. Елорданың төрт ірі спорт нысандарында сегіз дисциплина бойынша жарыстар өтіп, жалпы жүлде қоры 4,65 миллион АҚШ долларын құрайды.
Турнирді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Қазспортинвест" АҚ ұйымдастыруда.
«Болашақ ойындарының» Қазақстанда өтуін тек ірі халықаралық жарыс ретінде ғана қарастырмауымыз керек.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның ірі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу тәжірибесін одан әрі арттырады.
Екіншіден, еліміздегі фиджитал спорт пен киберспорттың дамуына жаңа серпін береді.
Үшіншіден, жастарды спортқа тартудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады. Себебі бүгінгі жас буын үшін цифрлық технологиялар – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Ал фиджитал формат осы технологияларды дене белсенділігімен және спорттық бәсекемен ұштастырады.
Сонымен қатар, мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар Астананың туристік тартымдылығын арттырып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары С. Жарасбаев.
"Болашақ ойындары 2026" (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna жарысының негізгі ерекшелігі - клубтық формата өтуі. Дәстүрлі халықаралық турнирлерден айырмашылығы, ұлттық құрамалардың қатысуы қарастырылмаған. Әр түрлі ұлттардың спортшылары бір клубтың құрамында өнер көрсете алады. Фиджитал дисциплиналарда командалар алдымен виртуалды аренада кездеседі, содан кейін футбол алаңында, баскетбол паркетінде немесе шаршыалаңда жарысты жалғастырады.
Phygital International-дің бас директоры Дэн Меркли атап өткендей, бұл формат қазіргі спортта болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.
«Болашақ ойындары» — халықаралық спорттық іс-шарадан әлдеқайда ауқымды жоба. Оның негізінде дене белсенділігі мен бәсекеге қабілетті ойынды бір спорттық дисциплина аясында біріктіретін жаңа спорт моделі жатыр. Жаһандық фиджитал қозғалысының шыңы бола отырып, «Болашақ ойындары» спортшылар мен жанкүйерлердің келесі буынына спорттың қалай дамып, жаңа сипат алып келе жатқанын көрсетеді», – деді Дэн Меркли.
Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып, спортшыларды, клубтарды, мемлекеттік құрылымдарды, технологиялық серіктестер мен спорт ұйымдарын біріктіріп отыр. Дэн Мерклидің айтуынша, Қазақстанның инновацияларды, заманауи технологияларды, жастар бастамалары мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысы Астананы турнирді өткізу үшін қолайлы алаңға айналдырды.
«Астананың қабылдаушы қала рөліне өте қолайлы болуының басты себебі де осы. Қазақстан инновацияларға, технологияларға, жастарды дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа инвестиция салудағы нақты ұмтылысын көрсетті. Бұл басымдықтар фиджитал қозғалысының құндылықтарымен тығыз үндеседі. Сондықтан Астана фиджитал спорт саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші іс-шараны өткізу үшін лайықты алаң болып табылады», – деп атап өтті ол.
Турнирге барлық сегіз дисциплина бойынша жетекші халықаралық клубтар мен командалар қатысады. Олардың қатарында Team Spirit, T1, Team Falcons, Xtreme Gaming, Vici Gaming, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, Twisted Minds, Bigetron by Vitality және әлемдік спорт пен киберспорт сахнасындағы басқа да танымал командалар бар.
Барлық сегіз дисциплина бойынша халықаралық көшбасшылармен қатар Қазақстан өкілдері де бақ сынайды. Турнирге еліміздің атынан 11 команда мен жекелеген спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna сайысында ACF x Allur және UEL Team, Phygital Basketball presented by Halyk Fund бәсекесінде PBC Astana және GTB KZ командалары өнер көрсетеді. Ал Phygital Fighting presented by Kazzinc сайысында Қазақстан намысын Future Nomads командасы қорғайды.
Rune Eaters командасы бірден екі дисциплина бойынша өнер көрсетеді: MOBA Mobile MLBB presented by FREEDOM және MOBA PC Dota 2 presented by Bank CenterCredit.
DIGA Esports командасы Battle Royale: PUBG Battlegrounds presented by Alatau City Bank сайысына қатысады. Ал NOVAQ және TeamKZ командалары Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO дисциплинасында бақ сынайды.
Phygital Dancing presented by Solidcore Resources сайысында Қазақстан атынан Гүлназ Аманғали өнер көрсетеді.
Қазақстандық қатысушылар үшін іріктеудің негізгі кезеңі кез келген үміткер қатыса алатын ашық турнир болды. Оның қорытындысы бойынша Rune Eaters, DIGA Esports, TeamKZ командалары мен Гүлназ Аманғали «Болашақ ойындарына» жолдама алды.
Қалған қатысушылар қабылдаушы қалаға берілген квота, халықаралық іріктеу кезеңдерінің нәтижелері, сондай-ақ бұған дейінгі чемпиондарға берілетін квота бойынша турнирге қатысу құқығына ие болды.
Жарыстар елорданың төрт спорт нысанында өтеді. Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna, Phygital Basketball presented by Halyk Fund және Phygital Fighting presented by Kazzinc дисциплиналары бойынша сайыстар ұйымдастырылады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында MOBA Mobile MLBB presented by FREEDOM және MOBA PC Dota 2 presented by Bank CenterCredit дисциплиналары бойынша жарыстар өтеді.
BEELINE Arena Ұлттық теннис орталығында Battle Royale – PUBG: Battlegrounds presented by Alatau City Bank және Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO сайыстары ұйымдастырылады. Ал Phygital Dancing presented by Solidcore Resources жарысы «Барыс Аренада» өтеді.
$4,65 млн жүлде қоры
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің жалпы жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен 4,65 миллион АҚШ долларын құрайды.
Ең ірі жүлде қоры MOBA PC Dota 2 presented by Bank CenterCredit және Battle Royale – PUBG: Battlegrounds presented by Alatau City Bank дисциплиналарына қарастырылған. Әрқайсысының жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.
MOBA Mobile MLBB presented by FREEDOM дисциплинасының жүлде қоры 900 мың АҚШ долларын, Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna – 625 мың АҚШ долларын, ал Phygital Fighting presented by Kazzinc – 500 мың АҚШ долларын құрайды.
Phygital Basketball presented by Halyk Fund дисциплинасының жүлде қоры – 400 мың АҚШ доллары, Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO – 150 мың АҚШ доллары, ал Phygital Dancing presented by Solidcore Resources – 75 мың АҚШ доллары төленеді.
Барлық жарыс алаңдарында ұйымдастыру жұмыстарына 800 ерікті жұмылдырылды. Еріктілер бағдарламасына қатысу үшін 1400-ден астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 900-ден 1000-ға дейін үміткерден тұратын пул жасақталып, оның 800-і негізгі құрамға енді. Қалған үміткерлер резервке енгізілді.
Еріктілер бағдарламасына 16 жастан асқан, шет тілін B1–B2 және одан жоғары деңгейде меңгерген, командада жұмыс істей алатын әрі жаңа жағдайларға тез бейімделуге қабілетті үміткерлер іріктелді.
Жарыстар басталар алдында еріктілер сервис стандарттары мен функционалдық міндеттері бойынша арнайы даярлықтан өтті. Олар 16 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олардың қатарында аккредиттеу, логистика, медициналық қызмет, көлік, рәсімдерді ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен және делегациялармен жұмыс істеу бағыттары бар.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирі «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен өтеді.