Астанада өтетін жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Азия ойындарына қатысатын құрама жасақталады

Астанада өтетін жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Азия ойындарына қатысатын құрама жасақталады

22–24 шілде аралығында Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXV чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігі Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа стадионында және Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінің лақтыру алаңында ұйымдастырылады.

Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Сонымен қатар Әзербайжан өкілі Екатерина Сариева үш қарғып секірусынында жарыстан тыс өнер көрсетеді.

Үш күн бойы спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы 48 жеке жарыс түрінде, сондай-ақ 4×100 және 4×400 метрлік аралас эстафеталарда бақсынайды.

Ел чемпионатына ұлттық команданың жетекші спортшылары қатысады. Олардың қатарында Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мухитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және өзге де жеңіл атлеттер бар.

Чемпионат қорытындысы бойынша Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамы жасақталады.

Айта кетейік, 22 шілде күні сағат 16:30-да чемпионаттың ресми ашылу рәсімі өтеді.