17–22 маусым аралығында Қытайдың Шаосин қаласында өткен эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы чемпион атанды.
Байрақты додаға Азияның 9 елінен 105 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метр эстафетада 3:16,75 нәтижесін көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Аталған дисциплинада Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов және Мария Шувалова өнер көрсетті.
Айта кетелік, күміс жүлдені Үндістан құрамасы иеленсе, үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.