
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидистің қатысуымен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасының Білім, спорт және жастар министрлігі арасында спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандуммен алмасу рәсімі өтті.
Меморандум спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.
t.me/aqorda_resmi