
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, соның ішінде туризм және гуманитарлық бағыттағы өзара іс-қимылды талқылады.
Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасының Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және екі ел арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.