15–17 мамыр күндері Barys Arena спорт кешенінде Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша халықаралық PGL Astana 2026 турнирі өтеді. Осылайша Астана қатарынан екінші жыл әлемдік киберспорт индустриясындағы ірі жарыстардың біріне алаң ұсынбақ.
Турнирді ұйымдастырушы — PGL Esports SRL. Жарыстың жүлде қоры — 1,6 млн АҚШ доллары. Турнирге әлемнің үздік 16 командасы қатысады, олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар.
Жарысқа Counter-Strike әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі Джеймс Бэнкс және әлем чемпионы Габриэль Толедо құрметті қонақтар ретінде шақырылған.
Іс-шара ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
PGL Astana 2026 турнирінің өткізілуі оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі ірі киберспорттық алаң ретіндегі орнын нығайта түседі.