Өткен аптада отандық спортшыларымыз түрлі халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді 👇
Шайбалы хоккей
Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Словениямен жолдастық матч өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дмитрий Бреус пен Роман Старченко қарсылас қақпасына шайба соғып, команданың жеңісіне үлес қосты.
Азия жағажай ойындары
Ұлттық құрама 8 медаль жеңіп алды:
🥇 Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу, 69 кг дейін)
🥉 Батыр Теңізбай, Әлинұр Қуатұлы, Сейілхан Болатбек
🥈 Әйелдер құрамасы (су добы)
🥉 Ерлер құрамасы (су добы)
🥉 Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу)
Әртістік жүзу (Әлем кубогы, Сиань)
Қазақстан қоржынына 3 медаль түсті:
🥈 Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова
🥉 Виктор Друзин
🥉 Айғаным Саим мен Артур Майданов
Жеңіл атлетика (Азия чемпионаты, Мокпо)
🥉 Иван Иванов (ядро лақтыру – 19.41 м)
Триатлон (Азия кубогы, Субик-Бей)
🥇 Рамазан Әйнегов
🥇 Алуа Нұрмұхамет
🥈 Валерия Шнейдер
🥈 Дарын Қонысбаев