4-10 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі

4-10 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі

5-10 мамыр – садақ атудан Әлем кубогінің 2-кезеңі
Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қ. (Қытай)

8-10 мамыр - дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысы
Ел намысын 53 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Астана қаласы

8-10 мамыр – байдарка және каноэде ескек есуден Әлем кубогі
Жарыста 12 спортшымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сегед қ. (Мажарстан)

8-10 мамыр – семсерлесуден (шпага, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі
Ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Медельин қ. (Колумбия)

8-10 мамыр – спорттық құзға өрмелеуден (жылдамдық, күрделі) халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Сучжоу қ. (Қытай)

8 мамыр – жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс
Жарыста 2 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Подебрады қ. (Чехия)