
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған ауқымды фестиваль өтеді. Іс-шара Жетісу Алатауының баурайында, «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ұйымдастырылады.
Фестиваль ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Іс-шара оқиғалық туризмді дамытуға және елдің мәдени имиджін нығайтуға бағытталған.
Сиверс алмасы – қазіргі барлық мәдени алма сұрыптарының арғы тегі. Оның гүлдеу кезеңінде тау бөктерлері ақ-қызғылт реңктерге боялып, ерекше табиғи көрініс қалыптастырады. Бұл өз кезегінде экологиялық туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Фестиваль аясында мазмұнды бағдарлама ұсынылады:
- гүлдеген алма бақтарының панорамалық көріністері;
- пленэр форматындағы көркемсурет байқауы;
- хедлайнерлердің қатысуымен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
- ұлттық спорт ойындары;
қолөнершілер жәрмеңкесі мен шеберлік сағаттары.
Фестивальді өткізу өңірдің табиғи және мәдени мұрасын кеңінен танытуға, сондай-ақ оның туристік тартымдылығын ұлттық және халықаралық деңгейде арттыруға ықпал етеді.
📍 Өтетін орны: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы
📅 Күні: 2026 жылғы 2 мамыр
Жетісу өңірі тұрғындар мен қонақтарды осы бірегей табиғи құбылысты тамашалап, жергілікті экожүйенің байлығын жақыннан тануға шақырады.
Толығырақ: @visitzhetysu