Заманауи ұлттық спорттың үздіктері

Заманауи ұлттық спорттың үздіктері

Ұлттық спорт – Қазақстанның мәдени кодының маңызды бөлігі әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта былтырдан бастап төл спортымыз олимпиадалық спорт түрлерімен бірге басым бағыттардың қатарына енгізілді.

Қазіргі таңда отандық спортшылар көкпар, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және басқа да ұлттық спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Ел ішіндегі жарыстардан бөлек, халықаралық додаларда да ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық спорттың дамуына, насихатталуына зор үлес қосып жатыр.

Осындай спортшылардың арқасында дәстүрлі спорт түрлері ұмыт қалмай, жаңғырып, дамуын жалғастырып келеді.