
ҚР Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін түсіндірді.
Үстемақы кімдерге беріледі?
✔ Біліктілікті арттыру курстарынан өткен
✔ Біліктілік тестін сәтті тапсырған
✔ Оқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізетін мамандарға.
Қамтылатын ұйымдар:
— Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ)
— Мамандандырылған БЖСМ
— Олимпиадалық резерв мектептері
Маңызды:
Біліктілікті арттыру 5 жылда 1 рет өткізіледі.
Өтінім оқу басталғанға дейін кемінде 14 күн бұрын берілуі тиіс.
Оқу аяқталғаннан кейін:
— электрондық форматта тестілеу өткізіледі
— біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі
— біліктілік тестінен өткені туралы сертификат табысталады
— құжаттарды жұмыс орнына тапсыру қажет
Өтінім электронды лицензиялау порталы арқылы онлайн қабылданады.