Туристердің жауапкершілігі: туристік маусымда қандай ережелерді ұстану қажет

Туристердің жауапкершілігі: туристік маусымда қандай ережелерді ұстану қажет

Елімізде жазғы туристік маусым басталар шақта Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Демалыс барысында отты тек арнайы орындарда жағып, кетерде толық сөндіру, қоршаған ортаны таза ұстау және қоқысты жинау – әрбір демалушының міндеті. Сондай-ақ, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау маңызды.

Табиғат пен инфрақұрылымды қорғау – ортақ міндет. Жауапты демалыс – қауіпсіз жаздың кепілі.