
Алдағы аптада қазақстандық спортшылар халықаралық және республикалық деңгейдегі бірқатар маңызды жарыстарда ел намысын қорғайды. Әлемдік аренадан бастап, ел ішіндегі чемпионаттарға дейінгі додалар жанкүйерлер назарында болмақ.
🔹 Бокстан әйелдер арасындағы World Boxing Cup
World Boxing Cup турнирінде Қазақстан құрамасынан 6 спортшы бақ сынайды.
📍 Фос-ду-Игуасу, Бразилия
📅 20–26 сәуір
🔹 Су добынан әлем кубогы
Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі қарсыластармен кездеседі.
📍 Гзира, Мальта
📅 21–26 сәуір
🔹 Байдарка және каноэ есуден Азия чемпионаты
Құрлықтың үздік спортшылары жиналатын додада ел намысын қорғау — үлкен жауапкершілік.
📍 Хэфэй, Қытай
📅 24–26 сәуір
🔹 Велотректен әлем кубогы кезеңі
Жылдамдық пен төзімділікті талап ететін жарыста қазақстандық велошабандоздар да өнер көрсетеді.
📍 Нилай, Малайзия
📅 24–26 сәуір
🔹 Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты
Ұлттық зияткерлік спорт түрінде 200-ге жуық спортшы бақ сынайды.
📍 Щучинск, Қазақстан
📅 20–27 сәуір
🔹 Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
2006–2008 жылы туған 300-ге жуық жас балуан күш сынасады.
📍 Семей, Қазақстан
📅 21–24 сәуір
🔹 Karate1 Series A халықаралық турнирі
Karate1 Series A додасында Қазақстаннан 25 спортшы қатысады.
📍 Ла-Корунья, Испания
📅 24–26 сәуір
Бұл жарыстар — отандық спорттың дамуы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететін маңызды кезең. Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!