4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат - Азия чемпионы

4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат - Азия чемпионы

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті.

81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇰🇬Шыңғысхан Сағыналиев
✅1/4 финал. 🇰🇿Абылайхан Жұбаназар
✅1/2 финал. 🇹🇯Бехрузи Хожазода