Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатындағы алғашқы медальді жеңіп алды

Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатындағы алғашқы медальді жеңіп алды

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

Жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлде үшін сынға түскен Эсмигүл Куюлова (-63 кг) тайбэйлік Ян Пей-Чунды жеңді. Қарсыласы жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады.

Айта кетейік, Эсмигүл бұған дейін Бангкокта (Таиланд) өткен жылғы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында үшінші орын иеленген болатын.