
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы қоржынына 6-шы алтын медаль түсті.
Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижені қосқанда қазақ былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте топ жарды. Қоржында барлығы 13 медаль - 6 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.
Чемпиондар - Надежда Рябец (-80 кг), Дина Исламбекова (+80 кг), Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг), Айбек Оралбай (+90 кг);
Күміс жүлдегерлер - Бақыт Сейдіш (-70 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг);
Қола жүлдегерлер: Айгерім Сәттібаева (-48 кг), Валентина Хальзова (-75 кг), Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг), Сағындық Тоғамбай (-90 кг);
Жалпыкомандалық есепте 2-орын Үндістан боксшыларында (5 алтын, 3 күміс, 8 қола) Үздік үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді (3 алтын, 4 күміс, 4 қола). Биыл барлығы 14 мемлекеттің боксшысы жүлде алды.