Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

6-12 сәуір күндері елордада Ұлттық лига командалары арасындағы волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының плей-офф матчтары өтеді.

Отандық волейбол тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңі «Барыс Аренада» ұйымдастырылмақ. Бұл – еліміздегі ең ірі көпфункционалды спорт ареналарының бірі.

Жарысқа елдің ең үздік төрт клубы қатысады: «Жетысу» (Талдықорған), «Қуаныш» (Петропавл), «Берель» (Өскемен) және «Тұран» (Түркістан).

Ойындар плей-офф жүйесі бойынша өтеді: жартылай финал сериялары екі жеңіске дейін жалғасады. Плей-оффта «Жетысу» – «Тұран» және «Қуаныш» – «Берель» командалары сынға түседі. Финал және үшінші орын үшін ойын да екі жеңіске дейін өткізіледі.

Чемпионаттың шешуші кезеңін осындай деңгейдегі аренада өткізу Қазақстандағы волейболды дамыту мен насихаттауда маңызды қадам. Аренаның сыйымдылығы – 11 626 көрермен, бұл кең аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық лиганың финалдық кезеңіндегі барлық матчқа кіру тегін.