Сәуір айында Қазақстан туристерді кітап, қолөнер және технология әлемімен қарсы алады

Сәуір айында Қазақстан туристерді кітап, қолөнер және технология әлемімен қарсы алады

2026 жылдың сәуір айында Қазақстан ел қонақтарын ұлттық оқиғалар күнтізбесіне енген іс-шараларға шақырады. Сәуір айының бағдарламасы мәдени, этномәдени және технологиялық бағыттарды біріктіріп, өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ішкі және шетелдік туристерді тартуға мүмкіндік береді.

🔹 22-26 сәуір аралығында Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымдары, авторлармен кездесулер, кәсіби пікірталастар мен білім беру сессиялары ұйымдастырылады.

🔹 23-24 сәуір күндері Жамбыл облысында «Тараз қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі өтеді. Қонақтарға қолөнер көшесі, шеберлік сабақтары және халық шеберлерінің көрмелері ұсынылады.

🔹 26 сәуірде Қостанай облысында инженерлік квесттерді, интерактивті зертханаларды және өндіріс орындарына экскурсияларды біріктіретін TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі өтеді.

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылғанын еске салады. Күнтізбеге ел бойынша өтетін 55 ірі іс-шара енгізілген. Олардың қатарында мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы жобалар бар. Бұл бастама ішкі туризмді дамытуға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған.

📌 Айта кету керек, жыл басынан бері күнтізбеге енген бірқатар іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Burabay Ice, Қысқы дрифт кубогы, «Амал келді – жыл келді» халықаралық гастрономиялық фестивалі, сондай-ақ Шымкент қаласында өткен «Дәмдәстүр» фестивалі мыңдаған көрермен мен туристі жинады.

Маңыздысы, оқиғалар күнтізбесіне енгізілген барлық іс-шаралар бірыңғай платформада жинақталған. Іс-шаралар, олардың өтетін уақыты мен орындары туралы толық ақпаратты event.qaztourism.kz  сайтынан көруге болады. Бұл туристерге сапарын алдын ала жоспарлап, өздерін қызықтырған іс-шараларды таңдауға мүмкіндік береді.