
Семсерлесуден алғаш рет Астана қаласында өтіп жатқан әлем Кубогында бірінші жүлде түсті. Ерлер арасында 277 қатысушы сайысқа қатысып, нәтижесінде Руслан Курбанов күміс жүлде еншіледі.
Отандасымыз ақтық сында Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен жол берді.
🇰🇿Русланның әлем Кубогындағы жолы:
✅1/32 финал. 🏳️Дмитрий Швелидзе - 15:8
✅1/16 финал. 🇵🇹Филипе Фразао - 15:11
✅1/8 финал. 🇵🇹Мигель Фразао - 15:10
✅1/4 финал. 🇯🇵Коки Кано (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 9:8
✅1/2 финал. 🇭🇺Давид Надь - 15:13
Айта кетейік, Руслан Курбанов 2026 жылдың ақпан айында ғана Германияның Хайденхайм қаласындағы әлем Кубогында топ жарған болатын.
Енді ертең командалық сайыстар өтеді.