Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін бірлесіп дайындады.
Осы жылы күнтізбеге ел бойынша өтетін 55 ірі іс-шара енгізілді. Олардың қатарында мәдени, этномәдени, гастрономиялық, спорттық және экологиялық бағыттағы іс-шаралар бар.
Жыл басынан бері күнтізбеге енгізілген кейбір оқиғалар жоғары деңгейде өтті. Солардың қатарында Burabay Ice фестивалі, Astana Symphony, Қысқы дрейф кубогы, «Амал келді – жыл келді» іс-шарасы және Шымкенттегі халықаралық гастрономиялық «ДәмДәстүр» фестивалі бар. Аталған іс-шараларды тамашалауға мыңдаған көрермен мен туристер келді.
Ең бастысы – барлық ақпарат енді бір жерде жинақталған. Іс-шаралардың толық тізімі, өткізу мерзімдері мен орындарын event.qaztourism.kz сайтынан қарап, өзіңізге қызықты іс-шараны таңдап, сапарыңызды алдын ала жоспарлай аласыз.