Ербол Хамитов - қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері

Ербол Хамитов - қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.