6 наурызда Италияда XIV Қысқы Паралимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтеді

6 наурызда Италияда XIV Қысқы Паралимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтеді

Салтанатты шара Верона қаласындағы Olympic Arena стадионында ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы – әлем чемпионаттары мен Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері, чемпион Ербол Хамитов болады.

Биылғы байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.