Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғап жатқан Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғап жатқан Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Ол қысқа бағдарламада жеке шеберлігі мен мұз үстіндегі ерекше қимылының арқасында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тіпті франциялық комментаторлар да жерлесіміздің өнеріне жоғары баға беріп, оның техникалық дайындығы мен орындау мәнерін ерекше атап өтті.

Халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген спортшымызға бүгінгі шешуші сында да сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.
Отандасымызға бірге қолдау білдірейік! 

Айта кетейік, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 92,94 ұпаймен 5-орында тұр.

(Видеоны ұсынған Франциядағы отандасымыз @zere_in_nice-ке алғыс айтамыз!)

https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/15559