Фристайл-могулдан Павел Колмаков Олимпиаданың финалына өтті

Фристайл-могулдан Павел Колмаков Олимпиаданың финалына өтті

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.

29 спортшы қатысқан сайыста ТОП-10 спортшы финалға тікелей жолдама алды.

Финал 12 ақпанға жоспарланған.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП