Тарих жасаушы: Милан-2026 Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан тағы да бақ сынаймыз

Тарих жасаушы: Милан-2026 Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан тағы да бақ сынаймыз

2022 жылы Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ел тарихында алғаш рет жолдама иеленген Шыңғыс Рақпаров екінші мәрте дүбірлі додада жүлдеге таласып көрмек. Отандасымыздың ерекшелігі - ұзақ уақыт бойы Норвегияда жаттықты.

Қазақстан келесі спорт түрлері бойынша лицензияларға ие:

Биатлон: Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Милана Генева, Айша Рақышева

Конькимен жүгіру спорты: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко

Шорт-трек: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан

Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина

Фристайл-акробатика: Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан, Аяна Жолдас

Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова, Ростислав Хохлов.

Шаңғы: Әмірғали Мұратбеков, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко,  Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

Шаңғымен тұғырдан секіру: Илья Мизерных, Данил Васильев.