
Әйелдер арасында Қазақстан атынан Олимпиадаға Александра Скороходова қатысады. Ол слалом, гигант слалом және супер-гигант атты үш бірдей сайыста өнер көрсетеді.
Ерлер жарысында еліміздің намысын Ростислав Хохлов қорғайды. Ол слалом мен гигант слаломда бақ сынайды.
Қазіргі таңда Қазақстан келесі спорт түрлері бойынша лицензияларға ие:
Биатлон - Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұлов, Асылхан Асан, Аяна Жолдас, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев.