Ербол Мырзабосынов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Ербол Мырзабосынов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі спорт және туризм инфрақұрылымының даму барысымен танысып, жергілікті спортшылармен кездесті.

Сапар барысында министр Мемлекет басшысының қолжетімді спорт ортасын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ерекше қажеттіліктері бар спортшыларды даярлауға арналған Ақтөбе қаласындағы жаңа инклюзивті «Қуат» спорт кешенін аралады. Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған Visit Aktobe туристік ақпараттық орталығының қызметімен танысты.

Іссапар аясында әртүрлі спорт түрлері дамытылып жатқан, соның ішінде семсерлесуге ерекше мән берілетін «Жекпе-жек» спорт сарайына, сондай-ақ 2023 жылы ашылған халықаралық стандарттарға сай келетін «Ақтөбе» мұз айдыны мен облыстық үстел теннисі орталығына барды.

Сапар қорытындысында Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамыту және ішкі туризмді өркендетуге бағытталған заманауи спорттық әрі туристік инфрақұрылымның жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.