Серік Жарасбаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды

Серік Жарасбаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев жұмыс сапары аясында Жетісу облысына барды. Сапар барысында министрдің орынбасары өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында спорт және туризм саласын дамыту, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ халықтың ұсыныстары мен бастамалары талқыланды.

Сапар барысында Серік Жарасбаев өңірдегі негізгі спорт нысандарымен танысты. Атап айтқанда, волейбол бойынша оқу-жаттығу спорт кешенін аралап, спортшыларды дайындау жағдайын көрді. Сонымен қатар жас спортшыларды даярлау және бұқаралық спортты дамыту үшін база ретінде қызмет ететін Талдықорған қаласындағы үстел теннисі орталығын да аралап көрді.

Сондай-ақ жиында спорт инфрақұрылымын әрі қарай дамыту, нысандарды тиімді пайдалану, спорт және дене шынықтырумен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері, сондай-ақ спорттық және туристік іс-шаралар өткізу әлеуеті талқыланды.

Жетісу облысына жұмыс сапары Мемлекет басшысының өңірлерге жүйелі бару, тұрғындармен тікелей диалог орнату және жергілікті деңгейдегі нақты сұраныстарды ескеру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі өңірлерде спорт пен туризмді кешенді дамытуға ерекше назар аудара отырып, осындай жұмыс сапарын жүйелі түрде жалғастыра береді.