Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиаданың жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті

Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиаданың жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 15-26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен XXV жазғы Сурдлимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Премьер-министр Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді және нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді.

2025 жылғы Сурдлимпиадаға 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола – барлығы 25 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде ҚР Ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынды иеленді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін спорт ғимараттарын салуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сурдлимпиада біздің еліміздегі сурдлимпиада қозғалысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сондай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңістерге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді және тынымсыз жұмысының нәтижесі.

Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде, жаңа инфрақұрылым нысандары салынуда. Жүйелі және уақтылы шаралар жалпы жетістікті арттыруға және бүкіл спорт саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Марапаттау барысында сурдо дзюдо спортшыларының жетістіктері атап өтілді. Олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуі Қазақстанға 11 медаль (5 алтын, 2 күміс және 4 қола) алып келді және Сурдлимпиаданың жарқын жетістіктерінің бірі болды. Команда көшбасшыларының қатарында үш дүркін және екі дүркін чемпион атанған Еркебұлан Қанафин мен Шадияр Қуандық бар.

Ал биіктікке секіруден ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған жеңіл атлетші Фаина Мейрманова 1,79 метрді бағындырып, Ойынның рекордын орнатты.

Еркін және грек-рим күресінде чемпион атанған балуандар Андрей Самарин мен Шадияр Пернеш те жалпы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты.

Үстел теннисінде Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Бижан Төлебаев және Абылай Бүркітбай қола жүлдеге ие болды.

Таэквондода Аян Абдраш, Айжамол Абдикатова және Аида Макатова қола жүлдегер атанды.

Премьер-министр қол жеткізілген барлық нәтижелер қазақстандық спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейі және олардың аса маңызды спорттық сын-қатерлермен ойдағыдай күресуге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті.

Марапатталғандардың атынан жаттықтырушылар Серік Данияров пен Максим Рожков сөз сөйледі.

«Барлық спортшы мен жаттықтырушының атынан Қазақстан Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиадада 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Қазақстан үшін алтын медальді бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдар ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Жапониядағы ойындар біздің еліміз үшін жетістікке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз»,— деді ҚР Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Максим Рожков.

«Бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз осы Сурдлимпиадада жоғары деңгейде өнер көрсеттік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді»,— деді үстел теннисінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Серік Данияров.

Марапатталғандар:

🔸 «Құрмет» орденімен:

🟦Еркебұлан Қанафин – Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
🟦Шадияр Қуандық – Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
🟦Сергей Дмитренко – сурдо дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері;
🟦Қуанышбек Мұқаш – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті;
🟦Азамат Қарлығашев – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.

🔸 ҚР Президентінің Алғысымен:

🟦Сәуле Шақуова – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас директоры;
🟦Серік Сәпиев – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті;
🟦Айжан Чокина – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас хатшысы.

🔸 ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен:

🟦Ғұлама Хамза – Токиодағы Сурдлимпиаданың чемпионы (2025 ж.);
🟦Амина Файзулина – Токиодағы Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
🟦Тоқтарбек Айдарбек – Токиодағы Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
🟦Алтынбек Кәкітаев – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Айым Жетписбаева – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Сабиржан Хапизов – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
🟦Анна Краморова – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
🟦Ерсін Болатов – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
🟦Айдос Түгелбаев – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
🟦Анастасия Тимошенкова – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
🟦Дина Адамбаева – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
🟦Фериде Караоглы – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
🟦Ольга Гараева – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.),
🟦Фаина Мейрманова – Токиодағы Сурдлимпиаданың чемпионы (2025 ж.),
🟦Нұрсұлтан Күлдеев – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.),
🟦Аян Абдраш – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.),
🟦Айжамол Абдикатова – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.),
🟦Аида Макатова – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.),
🟦Андрей Самарин – Токиодағы Сурдлимпиаданың чемпионы (2025 ж.);
🟦Рамазан Әбдрасіл – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Хайратхаан Шонку – Токиодағы Сурдлимпиаданың күміс және қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Шадияр Пернеш – Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы (2025);
🟦Ғабит Есжанов – Токиодағы Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері (2025 ж.);
🟦Ғасыр Тұрғынбай – Токиодағы Сурдлимпиаданың қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Сабыржан Рсалы – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Қанат Конкубаев – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Данияр Искендиров – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025);
🟦Абылай Бүркітбай – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
🟦Бижан Төлебаев – Токиодағы Сурдлимпиаданың командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 жыл);
🟦Зульфия Мұхамедиярова – дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Нұржан Сейітқанов – дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Богдан Весельский – жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы;
🟦Елена Пономарева – жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Ерлан Мұқажан – грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Ерназар Қонысбаев – еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Бек Молдахметов – еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Серік Данияров – үстел теннисінен ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Ербол Симамбаев – тхэквондодан ұлттық құрама командасының бас бапкері;
🟦Максим Рожков – жеңіл атлетикадан жаттықтырушы;
🟦Мерхат Болатханов – тхэквондодан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
🟦Мерверт Бейсова – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі;
🟦Нұрила Алменова – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі.

@KZgovernment