Шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы: Қазақстан қысқы Олимпиадада 4 спортшымен өнер көрсетуге үміттенеді

Шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы: Қазақстан қысқы Олимпиадада 4 спортшымен өнер көрсетуге үміттенеді

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) шорт-тректен Әлемдік турдың алдын ала қорытындыларын жариялады. Отандық спортшылар осы турнирге қатыса отырып, 2026 жылы Миланда өтетін XXV қысқы Олимпия ойындарына лицензия алу мүмкіндігіне ие болды.

Алдын ала нәтижелер бойынша Қазақстан қысқы Олимпиадада 9 дисциплина бойынша 4 спортшысын ұсынуға үміттенеді. Лицензиялардың нақты саны 2025 жылғы 12 желтоқсанда ресми түрде бекітіледі.

4 Әлем кубогі кезеңінің қорытындысы бойынша Олимпиада лицензиялары ерлер арасында 500, 1000, 1500 метр қашықтықта және 5000 метрлік эстафетада; әйелдер арасында 500, 1000, 1500 метр қашықтықта және 3000 метрлік эстафетада, сондай-ақ 2000 метрлік аралас эстафетада (микст) үлестіріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында Олимпиада нормативін орындап, екі лицензияға ие болған еді. Олимпиадаға квоталардың соңғы саны 2026 жылдың қаңтар айының соңында белгілі болады.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.