Еркебұлан Қанафин - Сурдлимпиаданың чемпионы

Еркебұлан Қанафин - Сурдлимпиаданың чемпионы

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадада Ұлттық Құрама спортшысы Еркебұлан Қанафин (81 кг) финалдық белдесуде венгр дзюдошысы Патрик Отвошты сенімді түрде жеңіп, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы жарыс бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кездесуде де басымдықты толық өз жағында ұстай алды.