Министр Республика күні қарсаңында отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп жүрген бірнеше маманды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады

Министр Республика күні қарсаңында отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп жүрген бірнеше маманды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады

«Бүгін Республика күні қарсаңында отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп жүрген бірнеше маманды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттадым.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл күннің тарихи маңыздылығын атап өтіп, «Республика күні – бұл қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн», деген болатын.

Еліміздің халықаралық аренада танылуына туризм және спорт салаларының қосатын үлесі зор. Біздің спортшылар жоғары құрметке ие. Биыл отандық спортта елеулі өзгерістер мен толайым табыстар аз болған жоқ. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Басым және жоғары жетістіктер спорты түрлері айқындалды. Биылғы жарты жылда 32 жаңа нысан қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ 2025 жылы тарихи жетістіктерге қол жеткіздік. Боксшыларымыз әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетсе, семсерлесуден ұлттық құрамамыз Әлем кубогінде жақсы өнер көрсетті. Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында спортшыларымыз жоғары жетістікке жетті. Жақында ғана параспортшыларымыз әлем біріншілігінен олжалы оралды.

Баршаңызды алда келе жатқан ұлттың рухын көтеріп, ұрпақтың мерейін өсіретін ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазды Ербол Мырзабосынов Instagram каналында.