Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогі

Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Nomad Table Tennis Academy бірлесіп, спортшыларды, жаттықтырушыларды және үстел теннисі жанкүйерлерін күздің басты спорттық оқиғасына - Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогіне шақырады.

Бес күн бойы 25-29 қазан аралығында Елорданың төрінде  еліміздің және халықаралық ойыншылардың ең үздік тартысты кездесулері өтеді. Турнир үстел теннисін насихаттауға, спорттық байланыстарды нығайтуға және жаңа чемпиондарды анықтауға арналған алаңға айналады.

Өтетін жері: Астана қаласы, Beeline Арена

Жаңа спорт жұлдыздарының дүниеге келуіне куә болыңыз!