Елімізде бұқаралық спорт пен инфрақұрылымды дамыту бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары

Елімізде бұқаралық спорт пен инфрақұрылымды дамыту бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары

Қазіргі таңда елімізде 8,4 млн адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл халықтың 41,4%-ын құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

«Мақсатымыз – 2029 жылға қарай 50%-ға жеткізу. Жыл сайын елде 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өтеді», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға түзетулер енгізілді. Олар басқару тиімділігін арттыруға және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған.

✔️Негізгі өзгерістер:

* кәсіби клубтарды ұстауға жұмсалатын бюджетке лимит қойылды;
* Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді;
* «спорттың басым түрлері» ұғымы нақтыланып, өңірлік тізбе бекітілді.

Министрліктің басым бағыттарының бірі – спорт инфрақұрылымын дамыту. Бұл халық үшін спортты қолжетімді етеді.

✔️Спорт инфрақұрылымын дамытуда оң динамика байқалады, атап айтсақ:

* 2024 жылы 90 спорт нысаны салынды (61-ауылда,29- қалада);
* биыл 32 нысан пайдалануға берілді (27-ауылда, 5-қалада);
* жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады.

✔️Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 33,2 млрд теңгеге төрт нысанның құрылысы басталды:

* Астанада Мұңайтпасов атындағы стадион;
* Алматы облысы Жалаңаш ауылында спорт кешені;
* Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
* Көкшетауда көпфункционалды кешен.