1 қаңтар мен 31 шілде аралығында Алматыдағы ақпараттық орталықтар 8 339 туристке кеңес берген. Бұл көрсеткіш шетелдік меймандардың қалаға деген қызығушылығын және Алматының қонақтар арасында танымал екенін айғақтайды. Биылғы жеті айда 8 339 турист Алматыдан мәдени нысандар, экскурсиялар және қалалық инфрақұрылым туралы ақпарат іздеген.
Алматы қаласында тоғыз туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді. Олар халықаралық әуежайдан бастап, танымал туристік аймақтарға дейінгі орындарда орналасқан.
Туристердің визит-орталықтарға келу үлесі:
Әрбір визит-орталық туристерге жайлы саяхат үшін қажетті мәліметтер ұсынады. Атап айтқанда, қала карталарын, бағыттар бойынша ұсыныстар, мәдени іс-шаралар мен жергілікті көрікті орындар туралы ақпарат, сондай-ақ үш тілде кеңес қызметін ұсынады.
Визит-орталықтар туристердің сапарында маңызды рөл атқарады. Орталықтар саяхатшыларға дер кезінде нақты ақпарат беріп, интернеттен іздеуге жұмсайтын уақытын үнемдеп, қалада бағдар табуда туындайтын қиындықтардың алдын алады. Бұл өз бетінше немесе шағын топпен саяхаттайтындар үшін, сондай-ақ қалаға алғаш келген қонақтар үшін аса маңызды.
Жыл басынан бері Алматыға туристерден зор қызығушылық байқалып отыр. Визит-орталықтар туристік ағынды тиімді ұйымдастырып, қонақтардың сұранысын қанағаттандырып, қаланың оң имиджін қалыптастыруда басты рөл атқарып келеді.
Қазіргі таңда елімізде 28 визит-орталық жұмыс істейді, оның 7-і ұлттық парктер аумағында орналасқан. Жуырда әр орталық туралы толығырақ ақпарат ұсынамыз.