Бауыржан Рапиков ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бауыржан Рапиков ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Алпроф» ЖШС-де программист болып бастады, Алматы қ.

2009–2012 жылдары – «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.

2012–2013 жылдары – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.

2013–2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015–2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.

2017–2018 жылдары – «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.

2018–2020 жылдары – «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2020–2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.

2022–2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.