
Қазір шорт-тректен Қазақстан құрамасы Астанадағы «Алау» мұз айдынында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл Милан Олимпиадасына даярлықтың үшінші кезеңі.
Атап айтарлығы, спорттың бұл түрінен осыған дейінгі Олимпиадалар кезінде біздің командада мұндай жан-жақты жұмыс жүргізілмеген.
Ұлттық құрамадағы оң өзгерістер:
1. Былтырдан бастап Ұлттық құрама бас бапкерінің кеңесшісі ретінде ТОП бапкер Вильма Бумстра жұмыс істейді. Нидерланд маманы өз елінің және АҚШ командасымен ірі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен.
Бүгінде мұндай жүйелі жұмыс саладағы вертикальды билік жүйесінің түзілуі мен жаңа заңнамалық өзгерістердің арқасында мүмкін болып отыр.