Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты.

Министр әйелдер арасында 48 келі салмақта жүлдеге ие болған спортшыларды марапаттады.

Айта кетейік, осы салмақта белдескен отандасымыз Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды.