Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Әбиба Әбужақынова (48 келі) дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан жаһандық доданың финалында отандасымыз Италия спортшысы Ассунта Скуттоға есе жіберді.

Қос спортшы 2023 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс италиялық спортшыға бұйырған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Әбиба бұған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, 2 мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған болатын.