Спорттық гимнастика: Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге қол жеткізді. Оның үшеуі – алтын, екеуі – күміс, екеуі – қола.
Жеңіл атлетика: Биіктікке секіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз 190 сантиметрді бағындырды.
Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Бұл – Анна үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал.