Елімізде «Автокөліксіз бір күн» республикалық акциясы өтті

Елімізде «Автокөліксіз бір күн» республикалық акциясы өтті

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын (2024-2029 жылдарға арналған) іске асыру аясында және халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Автокөліксіз бір күн» атты республикалық экологиялық акция өткізді.

Акцияның басты мақсаты – велосипед, самокат және қоғамдық көлік сияқты экологиялық таза әрі орнықты көлік түрлерін насихаттау. Бұл іс-шара елімізде қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылып отыр.

Акцияға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін бір күнге болса да жеке көліктен бас тартып, экологиялық жағынан тиімді көлік түрін таңдаса жеткілікті.

Туризм және спорт министрлігі велоспортты (BMX, маунтинбайк, шоссе және велотрек) дамыту бағытында жүйелі түрде бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам адам велоспортпен тұрақты түрде айналысады.

#ТазаҚазақстан
#АвтокөліксізКүн