2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
2018 — 375 926 адам
2019 — 399 357 адам
2022 — 432 457 адам
2023 — 619 200 адам
2024 — 660 000-нан астам адам
Ең танымал спорт түрлері:
қазақша күрес,
тоғызқұмалақ,
асық ату,
көкпар,
бәйге,
теңге ілу,
жамбы ату,
аударыспақ,
құсбегілік,
дәстүрлі садақ ату,
жекпе-жек және басқа да түрлер.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.